
Ағымдағы жылдың 18 қараша күні аудандық қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде Ақжайық ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы, Ақжайық ауданында орналасқан елді мекендегі салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы және Ақжайық ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы мәселелері қаралды.