Кезекті сессия отырысы

Кезекті сессия отырысы
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы отырысы өтті. Сессия барысында аудан әкімі М.Сердалин депутаттар алдында өз есебін баяндады. Депутаттар аудан басшысының жыл бойы атқарған жұмысына оң бағасын беріп, негізгі бағыттар бойынша өз сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.
Отырыс аясында аудандық мәслихаттың ауылды дамыту және аграрлық саясат, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасы Е.Есбулсиновтың есебі тыңдалды.
Сонымен қатар "Ақжайық аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы шешім жобасы қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.