26 маусым күні ауданға Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іссапармен келді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова ашып, жүргізді. Кеңес төрағасы Бауыржан Атауов сапардың негізгі мақсатын баяндады.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер қатысты. Басқосуда қоғамдық кеңестердің тұрғындар мен билік арасындағы көпір ретіндегі рөлі, халықтың пікірін ескеру маңыздылығы, сондай-ақ аудандағы өзекті мәселелер мен атқарылған жұмыстар талқыланды.