Ағымдағы жылдың 24-ші маусым күні Қоғамдық кеңес мүшелері Мерген ауылында салынып жатқан жол құрылысымен танысты. Олар атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексеріп, құрылыс барысын бақылап көрді. Сонымен қатар мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, туындаған мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жұмыс сапары аясында Кеңес мүшелері ауыл ақсақалдар кеңесімен және тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында ауыл халқын толғандыратын бірқатар мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары талқыланды.