Еңбек түбі-береке

Еңбек түбі-береке

Рухани Жаңғыру бағдарламасының "Еңбек – елдің мұраты" арнайы жобасы аясында Ақтоғай ауданының мектептерінде "Еңбек түбі – береке"аудандық жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жобасының үйлестірушісі- Өнер мектебі.

Аталмыш жобаның мақсаты Қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарды, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын жаю арқылы оқушыларға еңбекке сүйіспеншілікті насихаттау болып табылады.

Жоба аясында өтетін іс-шараларға тоқталатын болсақ жобаның бірінші шарасы ретінде оқушылар «Еңбек түбі – береке» тақырыбында эссе жазып аудандық сайысқа қатысты. Эссе сайысына ауданымыздың 23 мектебінен үш тілде 70тен  астам жұмыс түсті. Оқушыларың жазған эссесінен түйіндейтін болсақ бүгінгі оқушыларымызды еңбек тақырыбы, еңбек тақырыбындағы мақал мәтелдер жаттау мен болашақта елге аянбай қызмет ету айрықша толғандыратын көрінеді.

1-4 сынып оқушылары үшін еңбек тақырыбында мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жаттау бойынша онкүндік өткізілді. 5-9 сынып оқушылары "Әжелер мен аталардан сұхбат" іс-шарасына қатысты, бұл сұхбатта балалар әжелер мен аталар ретінде танылып, еңбекте жетістіктерге жетті. Ағымдағы айда мектептерде Ұлы адамдардың еңбек туралы дәйексөздерін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізілуде