
Мүткенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім-мәдени мұра» жобасы іске асырылды.Жобаның мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық киімге деген құрмет, мақтаныш сезімдерін бойына сіңіре отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын, ұлттық киімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Ұлттық киім-бай тарихи, мәдени мұра.Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы.Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Жоба барысында жазғы бейіндік лагерде оқушылар ұлттық киімдер туралы «Ұлттық киім - ұлт мақтанышы» тақырыбында өткен танымдық сағаттарында қазақы киімнің барша сымбаты мен ою өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының , ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар екендігі туралы ақпараттар алып, қыз бала мен бойжеткендердің киім үлгілерімен танысты. Ұлттық киімдерге зергерлік ұйымдар ерекше әр берген.Оқушылар технология үйірмесіне қатысып сабақтарында ұлттық зергерлік бұйымдар туралы толықтай ақпарат алып, мұғалімдердің көмегімен сәндік әшекей бұйымдар бойтұмар, шашбау, түйреуішті қолдан жасады. Қолөнердің басты бір саласы киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір қасиетін жоймай , қол өнерінің озық үлгісі ғана емес , әрі әсем, ыңғайлылығымен пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдер, басқа халықтарға ұқсамайтын табиғи ерекшеліктері туралы «Ұлттық киім ерекшеліктері» тақырыбында өткен сынып сағаттарда толықтай мәліметтер алды. Ауылдағы ісмер әжелер мен аналармен кездесулер ұйымдастырылып, шеберлік сағатттары өтті. Шебер аналар мен әжелер қыз балаға арналған тақия, бешпент және көйлек жасау үлгілерін көрсетті.
Ал осы жобаның жалғасы ретінде «Ұлттық киім-ұлт мақтанышы» атты ұлттық киімдерге арналған дефиле ұйымдастырылды. Оқушылар ұлттық киімдер бойынша өткен шебер сабақтарында және аналарымен жасаған бешпент, көйлек, тақияларын киіп, сәндік әшекейлерін тағып, үлкен мақтанышпен түрлі сән үлгілерін көрсетті. Бұл жобаға ауданның басқа мектептері қолдау көрсетіп жалпы саны 500-дей оқушы мен ұстаздар қатысты.