Дебат турнирі

Дебат турнирі

                2021 жылдың 19 мамыр  күні Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, Павлодар облысы «Тәлімгер» жастар қоғамдық даму бірлестігі мен Ақтоғай ауданы білім бөлімінің  бірлескен жұмыс жоспары негізінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» тақырыбында Ақтоғай ауданы мектептері үшін аудандық онлайн дебат турнирі өз мәресіне жетті.

          Аудан мектептерінің командалары  алғашқы іріктеу кезеңде Бұл палата  «ҚР жастарының кумирін көрсетеді» резолюциясында пікірталасқа түссе жартылай финалға іріктелген 4 команда  Бұл палата «Қазақ хандары мен батырларын насихаттаудың тиімді механизмін ұсынады» резолюциясында өз ойларын ортаға салды.

         Өз ойларының озық екенін дәлелдеп жан жақты дайындалған командаларға турнирдің қазылар алқасы келесі ретпен жүлдені бөлді. Атап айтқанда өзгелерден дайындығы мен көзге түсіп тұшымды пікір білдіре алған Муткенов мектебнің «Ділмар» командасы жүлделі бірінші орынды қанжығаласа, Абай атындағы орта мектебінің «Алаш» командасы ІІ орынды иеленді. Ал Тіленшін атындағы орта мектебінің «Жарқын» командасы ІІІ орынды қанағат тұтты. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

         Орындаған: координатор Хусаин А.