Ақтөбеде жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Ақтөбеде жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтті

Бүгін демалыс күннің кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, жергілікті өндірушілер өз өнімдерін қойды. Жәрмеңкеге Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы және Қобда аудандарының, сонымен қатар Ақтөбе қаласының ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілері қатысты.
Жәрмеңкеде ет пен сүт өнімдерін қосқанда, неше түрлі азық-түліктерді, сонымен қатар
«Ауыл аманаты» жобасымен байланысты тауарларды табуға болады. Бір күннің ішінде 9 тонна ет сатылды. Балық, жұмыртқа, еттен жасалған жартылай фабрикаттар мен балды көп сұраныста болды.

Өнімдердің бағасы дәстүрлі базарларға қарағанда орташа алғанда 10-15% пайыздан төмен болып, көптеген сатып алушы қажет тауарларын тиімді бағамен сатып ала алды. Жәрмеңке ақтөбеліктер үшін жергілікті өндірушілерге қолдау көрсете отыра өз бюджетін үнемдеуге жақсы мүмкіндік болды.