Ақтөбе облысында Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, сонымен қатар соғыс жылдарында кемінде 6 ай еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне жергілікті бюджеттен біржолғы материалдық көмек бөлінді. Қалалық және аудандық мәслихаттардың шешімімен облыста 4 336 адамға қарастырылған төлемнің жалпы сомасы 1 076,8 млн теңгені құрайды. Атап айтқанда, тыл еңбеккерлері 153 348 теңгеден алады.
5 млн теңге облыстағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Хромтау ауданында тұратын Василий Иванович Грецкийге төленеді.
353 880 теңге көлеміндегі біржолғы жәрдемақы 1 724 адамға қарастырылған. Олар - соғысқа қатысқандар мен мүгедектер, сонымен қатар, соғыс жылдарында жарақат алып қайтыс болған, контузияға немесе ауруға ұшыраған әскерилердің отбасылары. Сондай ақ, 991 адамға, олардың ішінде соғыс кезінде алған жарақат салдарынан мүгедек болғандардың жесірлеріне және 2 019 тыл еңбеккерлеріне 153 348 теңгеден төлеу қарастырылған.