Ақтөбе облысында Отан қорғаушылар күніне арналған дәстүрлі кросс өтті

Ақтөбе облысында Отан қорғаушылар күніне арналған дәстүрлі кросс өтті

 

Бүгін Ақтөбе облысында 120-дан аса спорт сүйер қауымның басын қосқан жыл сайынғы дәстүрлі кросс өтті. Шара Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орайластырылып, кәсіби жүгірушілермен қатар, өздерінің физикалық қабілеттерін көрсетуге ынталы әуесқойлардың да басын қосты.

Кросс қатысушылардың физикалық мүмкіндіктері мен дайындық деңгейлерінің әр түрлілігін ескере отырып, жастарына қарай біріктірді. Желаяқтар 16 мен 19, 29 бен 40 және 40 пен 55 жас аралығында үш топқа бөлініп бақ сынасты.

3 шақырымдық қашықтық кездейсоқ таңдалған жоқ – бұл жаңадан бастағандар үшін аса ауыр дистанция емес, ал тәжірибелі спортшыларға күштері мен тактикасын көрсетуге мүмкіндік береді.

Дәстүр бойынша кросс аяқталғаннан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылар бағалы сыйлықтармен, сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Шараны ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен көрермендерге алғыстарын білдірді. Олар мұндай шаралардың өңірде бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды кеңінен насихаттауға септігін тигізетінін баса айтты.