Қытайдың Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов қытайлық бизнес өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Мұнай, газ, су және басқа да орталарды жоғары қысымда, ауыр жүктемелер мен агрессивті коррозиялық жағдайларда тасымалдауға арналған арматураланған құбыр шешімдерін өндіруге маманданған Non-metallic Flexible Composite Pipes компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Компания құрылыс және мұнай-газ салалары үшін технологияларды белсенді түрде дамытып келеді.
Сондай-ақ Қытайдағы жетекші өнеркәсіптік клапан өндірушілерінің бірі болып саналатын Telie Valie Group компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. 1980 жылы негізі қаланған бұл компания бақылау және реттеу арматурасын ғылыми-зерттеу, өндіру және сатумен айналысады. Чжэцзян мен Шанхайда орналасқан жалпы ауданы 38 000 м² болатын екі зауытта 380 қызметкер, оның ішінде 42 инженер жұмыс істейді. Компания өнімдері -196°C-тан +600°C-қа дейінгі кең температуралық ауқымды қамтиды.
Сонымен қатар, табиғи газды өңдеу саласында жұмыс істейтін Shaanxi Wantuobang Industrial Co., Ltd компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Компания жыл сайын 200 мың тоннаға дейін сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіреді және Қытайдың өнеркәсіптік кәсіпорындарына сығылған табиғи газды (СТГ) жеткізетін ірі жеткізушілердің бірі болып табылады.
Барлық кездесулер аясында инвестициялық ынтымақтастық және өндірісті Ақтөбе облысы аумағында жергіліктендіру мүмкіндіктері талқыланды.