Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Асхат Шахаров бастаған ақтөбелік делегация және Қазақстан Елшілігінің өкілдері Шаньси провинциясына барып, Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастық форумына қатысты.
Іс-шараға 100-ден астам қатысушының басын қосты, олардың қатарында Ақтөбе облысы әкімдігі, қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығы, Шаньси провинциясының басшылығы және қытайлық инвесторлар болды.
Форум қатысушыларын қарсы ала отырып, Асхат Шахаров Ақтөбе облысының қытайлық серіктестермен белсенді ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті:
«Ақтөбе облысы қытайлық инвесторларға жобаларды жүзеге асыру үшін сенімді алаң ұсынуға дайын. Бізде қажетті инфрақұрылым, білікті кадрлар және өзара тиімді серіктестік үшін барлық жағдайлар бар», - деді ол.
Өңір басшысы сондай-ақ облыстың көлік-логистикалық әлеуетіне ерекше назар аударды.
«Ақтөбеде жүк тасымалдайтын YTO Cargo Airlines авиакомпаниясы 10 мамырдан рейстерді бастайды. Бұл «Қытай – Еуропа» бағытында өңірдің транзиттік рөлін айтарлықтай арттырады. Сонымен қатар, «Шаньси – Қазақстан – Өзбекстан» жаңа теміржол маршрутының іске қосылуы тауар жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді», - деп қосты Асхат Шахаров.
Форум аясында ауыл шаруашылығы, ауыр машина жасау, логистика және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырып, «Ақтөбе» индустриалды аймағы мен арнайы экономикалық аймағы капитал құюға тиімді алаңдар ретінде жақсы көрсеткенін атап өтті.
Қытай тарапынан ерекше қызығушылық тудырған жоба – Ақтөбе облысында агроөнеркәсіптік кластер құру. Осы тақырып бойынша Қытайдың агротехнология саласындағы көшбасшылардың бірі – Shennong Technology Group мемлекеттік корпорациясымен келіссөздер жүргізілді.
Форум аясында сондай-ақ B2B форматында кездесулер өтті, онда қазақстандық және қытайлық компаниялар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылады. Осы кездесулердің нәтижесінде екіжақты құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, «Рамазан» ЖШС агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы Қытай тарапымен келісімге қол қойды.
Сапар Ақтөбе облысы мен Шаньси провинциясы арасында бауырлас қалалар қарым-қатынасын орнату туралы ниет хаттамасына қол қою рәсімімен аяқталды. Салтанатты шара Шаньси халықтық үкіметінің уақытша төрағасы Лу Дунлянның қатысуымен өтті.
Бұл құжат экономика, мәдениет, білім және туризм сияқты салаларда алдағы межелі ынтымақтастық үшін берік негіз қалыптастыруға сеп. Бауырлас қалалар туралы келісімге қол қою ынтымақтастықты тереңдету, тікелей бизнес байланыстарды орнату және бірлескен бастамаларға жол ашады.
Сапар қорытындысы бойынша Асхат Шахаров Қытай тарапына жылы қабылдаулары үшін алғыс білдіріп, Ақтөбе облысы Қытай өңірлерімен стратегиялық серіктестікке деген ынталы екенін жеткізді.