
БүгінАқтөбе қаласының 312-атқыштар дивизиясы мен 101-атқыштар бригадасына арналған «Зеңбірек» ескерткішобелискісінің жанында Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ісшара өтті
Ісшара аясында ескерткіш маңын абаттандыру және оған іргелес аумақты тазалау жұмыстары ұйымдастырылдыҚатысушылар ескерткіш айналасын қоқыстан тазартыпкөгалдандыру жұмыстарын жүргізіпаумақты тәртіпке келтірді
Аталмыш шара облыстың барлық аудандарында да өткізілді
Ісшараның мақсаты – тарихи жадымызды сақтаутазалық пен тәртіпті қамтамасыз етусондайақ азаматтардың батырлардың қаһармандық өткеніне деген құрмет сезімін және мәденитарихи мұраны сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыру
Акцияға жастар және еріктілер ұйымдарының мүшелерімемлекеттік органдардың өкілдерісондайақ қала тұрғындары қатысты
«Бүгінгі сенбілік – бұл жай ғана тазалық шарасы емесбұл – біздің бірлігіміздің және ортақ жауапкершілігіміздің көрінісіҚоршаған ортаны таза ұстау – әрбіріміздің азаматтық парызымызТабиғат – бұл біздің мұрамызОны аялау мен қорғау – болашақ ұрпаққа деген қамқорлығымыз»– деді волонтер Абыл Кенжебек
Ісшараға қатысушы Жансейіт Қуандықов та өз пікірін білдірді
«Абаттандыру жұмыстары – адамдарды біріктіретінтуған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын игі дәстүрБұл күн – жай ғана қоқыс жинау емесбұл – еңбек арқылы тәрбиелеуөскелең ұрпаққа үлгі көрсету күніБәріміздің бірігіп атқарған еңбегіміз – қаламыздың көркейіпкөгалданыпжайқалып тұруына септігін тигізедіОсындай ісшаралар арқылы біз тек тазалықты ғана емесқоғамдағы бірлік пен ұйымшылдықты да дәріптейміз»– деді ол
Мұндай ісшаралар өскелең ұрпақтың патриоттық рухын және азаматтық жауапкершілігін тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып табылады және қоғамды ортақ құндылықтар – тарихи жадыбейбітшілік пен қоршаған ортаны таза ұстауға біріктіруге ықпал етеді