Әйтеке би ауданы Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығын тойлауға әзірлік үстінде

Әйтеке би ауданы Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығын тойлауға әзірлік үстінде

 

Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының тұрғындары Қазақстан Халық жазушысы, ақын Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығын мерекелеуге белсенді дайындалуда. Ақын өмірінің көп бөлігін Алматыда өткізгенімен, Қарабұтақ ауылында дүниеге келді, оқыды, ол туралы естелік те туған жерінде сақталған. Мерейтой қарсаңында облыс әкімі Қарабұтаққа барды.

Жұмыс сапарында өңір басшысы Қарабұтақ ауылдық округінің қазіргі жағдайымен және даму барысымен танысты, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесті. Бүгінде Қарабұтақта 3153 адам тұрады, 617 аула бар.

Назар аударылған маңызды нысандардың бірі - Қ.Шаңғытбаев атындағы мектеп. Биыл мамыр айында мұнда 364 млн теңгеге күрделі жөндеу басталады, мердігер «Строй мастер» ЖШС. Жұмыстарды тамыз айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, атақты жерлесіміздің 100 жылдығына арналған мерекелік шараға дайындық қарқынды. Мереке аясында аудандс еске алу кеші өтеді, жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт беріледі, мектепке іргелес аумақ абаттандырылады.

Ауданда абаттандыру жұмыстарына көп көңіл бөлінген. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Қарабұтақта Әліби Қойлыбаев атындағы орталық саябақ салынды. 2018 жылдан бастап меценат Қайрат Қойлыбаев оны дамытуға жыл сайын өз қаражатын салуда. Инвестициялардың жалпы көлемі 40 млн теңгені құрады. Саябақта ойын және спорт алаңдары, концерттік сахна, ағаштарды суаруға арналған ұңғыма бұрғыланды, жарықтандыру ұйымдастырылды. Енді кәсіпкер ауылда воркаут пен ойын алаңдарын орнатуды жоспарлап отыр. Биыл тағы бір кәсіпкер Жасталап Жанбауов жалпы сомасы 20 млн теңгеге гүлзарды жабдықтауға ниетті.

Басқа жоспарлар қатарында АГҚС, ЖҚС, қонақ үй, екі кемпинг салу, сондай - ақ Сәтпаев, Жамбыл және Ж.Есентеміров көшелерін орташа жөндеу бар. «Қазпошта» ғимаратын Өнер мектебі ретінде қайта жаңарту жоспарда. Белқопа мектебіне жапсарлас акт залы, спортзал мен шеберхана салу бойынша жобалар әзірленіп жатыр, сондай-ақ, аталған ауылда су құбырының құрылысы аяқталуда, бұл округті орталықтандырылған сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жарөткел ауылында да құрылыс қарқын алмақ. Мұнда жаңа 60 орындық мектептің құрылысы қолға алынады.

 

Округте әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мұнда амбулатория, медпункт, 5 мектеп, спорттық ангар, 170 орындық ауылдық клуб, кітап қоры 68 мың данадан асатын кітапхана, сондай-ақ "Жастар" стадионы, шағын футбол алаңы және хоккей корттары жұмыс істейді. Жергілікті тұрғындар облыс әкімімен кездесуде өнер мектебіне жаңа ғимарат салуды сұрады. Ескі ғимарат шығармашылық үйірмелерге барғысы келетіндер үшін тарлық етіп отыр.

 

Өңір басшысы проблемалық мәселелерді шешудің маңыздылығын атап өтті. Дәлірек айтқанда, жақын арада тұрғындарды ұзақ уақыт мазалаған септик мәселесі шешілетін болады.

 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, округте жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Олар билік пен кәсіпкерлердің назарына риза және ауыл бұдан әрі жақсы жаққа өзгеретініне сенім білдірді.

 

«Біздің ауылдың өзгеріп, әдемі және өмір сүруге ыңғайлы болып бара жатқанын көріп отырмыз. Облыс әкіміне, аудан басшылығына, жомарт кәсіпкерлерге рахмет. Қуандық Шаңғытбаевтың 100 жылдығына орай осындай үлкен жұмыс атқарылып жатқаны ерекше қуантады. Бұл бәріміз үшін маңызды оқиға», - деді Қарабұтақ ауылының тұрғыны.

Облыс әкімі тұрғындармен кездесу барысында ауылдарды дамыту, жергілікті жерлерде өмір сүру жағдайларын жақсарту және әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдау басым міндеттер қатарында қалып отырғанын алға тартты.

«Мұның бәрі-биліктің, бизнестің және тұрғындардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Қарабұтақ-бай тарихы мен болашағы зор ауыл. Біз округті абаттандыру мен дамытуға бағытталған бастамаларды одан әрі қолдайтын боламыз. Бүгін айтылған барлық мәселелер мен сұрақтар қаралатын болады және олардың әрқайсысы бойынша нақты шешім қабылданады. Бірде-бір үндеу назардан тыс қалмайды», - деп атап өтті өңір басшысы.