
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Вачикович Гевондян және Армения Республикасының Ақтөбедегі құрметті консулы Артак Рубенович Аветисянді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылап, ауыл шаруашылығы мен туризм саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Әкім армян инвесторларын өңірдің агроөнеркәсіптік кешені, құрылыс индустриясы және тау-кен саласы сияқты басым секторларға тарту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, аймақ басшысы екіжақты ынтымақтастықтың Еуразиялық интеграция аясында дамуға зор әлеуеті бар екенін атап өтіп, бұл байланыстардың нығаюы екі ел экономикасының өркендеуіне ықпал ететінін жеткізді.