
Додаға Астана және Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Абай, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстары мектептерінің оқушы қыздары және Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері жиналды.
Олар екі күн бойы №55 орта мектеп-гимазиясының атыс тирінде бақтарын сынап, мықтыны анықтайды.
Бүгін Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Мерген ару-2025» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату Республикалық ашық біріншілігі басталды.
Жарыстың мақсаты – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін насихаттау, тағзым ету; оқушылар арасында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру; Республиканың жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында дене тәрбиесі әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау.
Ашық біріншілік қорытындысы бойынша топтық және жекелік жарыстарда І, ІІ, ІІІ орын иегелері анықталып, қатысушылар облыстық мемориалды музей дипломдары, ақшалай сыйлықтары, кубоктер және медальдармен марапатталады.