Шұбарқұдықта қар суын бұру арнасы нәтижесін берді

Шұбарқұдықта қар суын бұру арнасы нәтижесін берді


2024-2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру шеңберінде Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің Задепо аумағында еріген қар суын бұру арналары салынды.

Жобаның бас мердігері – «Stro Proekt» ЖШС. Құны - 315 млн теңге.

«Шұбарқұдық кентіндегі былтырғы жылғы салынған Задепо аумағындағы су бұру арнасының құрылысы 2024 жылдың желтоқсан айында толық аяқталды. Ұзындығы 4 шақырымды құрайды. Енді су бұрынғыдай ауыл ішімен өтпей, арнайы салынған су бұру арналары арқылы айналып өтіп, өзен арналарына құйылуда. Бұл шешім ауыл тұрғындары үшін қауіпсіздікті арттырып, су тасқыны қауіпін азайтты», - дейді мердігер компания басшысы Жолдыбай Кеміров.