
Бүгін «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында 18 наурыз — Ұлттық киім күніне арналған бірегей іс-шара өтті. «Қазақ халқына мың алғыс» стеласында «Этно-Fashion Aqtobe — 2025» ашық аспан астындағы ұлттық киімдер фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына жарқын эмоциялар сыйлады.
Ерекше фестиваль ұлттық киім киген қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары және мәдениет саласының қызметкерлерінен құралған 2500-ден аса қатысушының басын қосты.
Наурыз – бұл жай ғана көктем мейрамемес, қазақ халқында жаңаруының, бірлігі мен мәдени байлығының символы. 2024 жылы «Наурызнаманың» жаңа тұжырымдамасы бекітіліп, оның аясында Наурыз мейрамыжаңартылған сипатқа ие болды. Бұл тұрғыда Ұлттық киім күні дәстүрлерді сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын көрсететін мейрамның негізгі элементтерінің біріне айналды.
«Этно-Fashion Aqtobe-2025» фестивалінде қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен көркем мұрасының көрінісі болып табылатын ұлттық киімдер көрсетілді. Қатысушылар сәнді сәукеле мен кимешектен бастап, жергілікті дизайнерлер жасаған дәстүрлі киімдердің заманауи интерпретациясына дейінгі әртүрлі киімдерді тамашалады.
Фестиваль аясында Өнер орталығынан бастап «Қазақ халқына мың алғыс» стелласына дейін ұлттық киімдер керуені, ұлттық киімдердің флэшмобы, «Сәукеле-fashion», «Орамал-party», «Жанұя-fashion» ұлттық киімдер дефилесі және жергілікті тігіншілердің ұлттық киімдерінің сән көрсетілімі ұйымдастырылды.