Асхат Шахаров Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй алап аумақтарын аралап, көктемгі су тасқынына дайындық барысын пысықтады

Асхат Шахаров Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй алап аумақтарын аралап, көктемгі су тасқынына дайындық барысын пысықтады


Өңір басшысы Асхат Шахаров Құрашасай, Қанағат, Мағаджан және Есет батыр тұрғын алабы аумағын аралап, көктемгі су тасқынына дайындық барысын пысықтады.

Сондай-ақ Бейбітшілік даңғылындағы көпір маңындағы Песчанка өзенінің бойында жағалауды нығайту бойынша жұмыстарды көрді.

Бұдан бөлек, Кірпішті су асты көпірінің су арналарындағы кедергілерді жою мақсатында атқарылған іс-шаралармен танысты.