Алғыс айту күні мерекесіне орай, Мұғалжар ауданының Құмжарған ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.
Медициналық мекеменің құрылысын «Техно-С» ЖШС 2024 жылдың шілде айында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бастады.
Медициналық пункт 20 келушіге арналған. Заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Жаңа пункттің ашылуы — тек медициналық қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер ететін ерекше оқиға болды.
Ғимараттың ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Кажгалиев қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.
Айтып өтейік, Бірлік ауылы - былтырғы су тасқынында зардап шеккен елді мекендердің бірі. Бүгінде мұнда 168 тұрғын үйде 853 адам тұрады.