Қарғалы ауданының ауруханасына жапсарлас ғимарат салынады

Қарғалы ауданының ауруханасына жапсарлас ғимарат салынады

 

Қарғалы ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі орталық ауруханаға барып, диагностикалық бөлімшені орналастыру үшін салынатын қосымша жобамен танысты.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Берік Жаржанов бұл нысан пациенттерге қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартуға және диагностика мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты.

Аурухана 1955 жылы салынған. Оның жанында 54 төсек-орынға шақталған стационар жұмыс істейді. Сондай-ақ, бір ауысымда 150 науқасқа қызмет көрсететін емхана бар. Ауруханаға 6 дәрігерлік амбулатория және ауданның 9 медициналық пункті бекітілген. Аурухана ұжымы 162 адамды құрайды.

«Қарғалы ауданы қарқынды дамуда. Мұнда жаңа үйлер салынуда, халық саны артып келеді. Жапсарлас нысанды салу және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту - бұл процестің маңызды қадамы. Аудан тұрғындары сапалы медициналық қызмет алуы үшін біз денсаулық сақтау жұмыстарын қолдап, жақсартуды жалғастырамыз», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы ауруханаға қосымша құрылыс салу жобасын қаржыландыру мәселесі облыстық мәслихат сессиясында қаралатынын атап өтті.