Ғимаратты жөндеу 2024 жылы аяқталған, оны «Бабэк Құрылыс» ЖШС компаниясы жүзеге асырды. Жұмыс құны – 176,6 млн теңге. Күрделі жөндеу және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи өрт дабылы жүйесі орнатылған, электрмен жабдықтау ретке келтіріліп, балабақша аумағы абаттандырылды, балалар карусельдері мен ойын алаңдары қойылды.
Қарғалы ауданына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Бадамшадағы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделген мектепке дейінгі мекемеге барды. Әкім атқарылған жұмыстарды бағамдап, балалардың тұрғын жағдайларымен танысты.
«Балапан» мектепке дейінгі мекемесінің директоры Жанат Биманбаева сәбилердің жайлы және қауіпсіз ортала тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Қазір балабақшаға 82 бала келеді, штат 29 қызметкерден тұрады, оның ішінде 13 тәрбиеші мен әдіскер бар. Аудан орталығында балабақша кезегінде екі жасқа дейінгі 31 бала тұр.
Балабақшада балалардың көркемдік дамуына арналған кабинет, ойын бөлмелері, музыка залы, медициналық кабинет жаңартылды. Ас блогында тоңазытқыш камералары бар заманауи ас үй жабдықтары орнатылған. Балабақша ғимаратында мұғалімдердің жұмысына ыңғайлы болу үшін Wi-Fi бар.
«Біз балалар үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін ауылдарда инфрақұрылымды белсенді қолдауды және дамытуды жалғастырамыз. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, әр бала үшін тең мүмкіндіктер бағытындағы маңызды қадам. Әр баланың әлеуетін ашуға көмектесетін сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет. Балалардың психикалық дамуына ерекше назар аудару керек. Қажет болса, біз Монтессори сияқты мамандандырылған кабинеттерді немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін түзету кабинеттерін ашамыз. Бұл әр балаға жалпы дағдыларды дамытып қана қоймай, жеке ерекшеліктеріне қарамастан үйлесімді дамуға көмектеседі», - деп атап өтті әкім.