
Келесі аптада Қызылжар және Ясный тұрғын алаптарында балаларға арналған екі дене шынықтырусауықтыру кешенін ашу жоспарлануда
Облыс әкімі Асхат Шахаров спорт нысандарының балаларды қабылдауға дайындығын тексерді
Қызылжардағы дене шынықтырусауықтыру кешенін ЕрзатПрК мердігерлік ұйымы салдыЖобаның құны 557,97 млн теңгеСпорт нысаны 500 баланы қабылдауға қауқарлы. Волейбол, баскетбол, үстел теннисі және жекпе-жек бойынша секциялар ашылады. Сондай-ақ жүз орындық трибуна бар
Ясныйда да дәл осындай кешен ашылады
Келесі аптада Қызылжар және Ясный тұрғын алаптарында жергілікті балаларға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ашыладыЖұмыс үшін жаттықтырушылар құрамы таңдалды. Ақпан айында біз Балауса, К.Нокин және Ақжар тұрғын алаптарында тағы үш дене шынықтырусауықтыру кешенін ашуды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл кешендер балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне айналады.
Мемлекет басшысы атап өткендейөскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануы үшін жастарды спортпен шұғылдануға ерекше назар аудару керекБұл бағытта біз спорттық инфрақұрылымды дамытуды және балалар мен жастарға барлық жағдай жасауды жалғастырып келеміз», - деп атап өтті әкім.