«Шағала» және «Достық» бассейндері келесі аптада ашылады

«Шағала» және «Достық» бассейндері келесі аптада ашылады

 

Екі спорт нысаны күрделі жөндеуден өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров аталған нысандарға барыпжөндеу жұмыстарыныңбарысын тексерді

«Шағала» бассейніне күрделі жөндеу жүргізген «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен қазір сот талқылауларыжүріп жатыр. Бірақ осыған қарамастан, комиссияның шешімімен біз бұл мекемені ашамыз. «Достық» спорт кешені де жөндеуден өтті. 1 ақпанға дейін мердігер жұмыстыаяқтайдыАлдағы аптада балалар өз сабақтарынжалғастыра алатындай екі бассейн ашылады», - деп түсіндірді облыс әкімі.

Достықспорт кешеніне күрделі жөндеуді «АльтаирСК 7» ЖШС жүргізді. Жұмыс құны 388,12 млн теңге Ал «Шағала» бассейнін жөндеуге 287,05 млн теңге жұмсалды

ГрадСтройСервис ЖШС жұмысты толық көлемдеорындамағандықтансотқа шағым түсірілді.

Айта кету керекғимараттар жөнделген кезде, үздіксіз оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін жеке бассейндерді жалға алуға келісімшарттар жасалып, жас жүзушілер спортпен айналысты.