Облыс әкімі Қандыағаштағы №8 өрт бөлімінің жұмысымен танысты

Облыс әкімі Қандыағаштағы №8 өрт бөлімінің жұмысымен танысты

 

Мұғалжар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қандыағаштағы №8 өрт сөндіру бөліміне барды.

Мұғалжар ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Мақсат Рятов әкімге өрт сөндіру бөлімінің ғимараты 1982 жылы салынғанын айтты. Соңғы рет 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде ғимаратта аудандық ТЖ бөлімі мен өрт сөндіру бөлімі орналасқан. Жеке құрамның саны 30 адамды құрайды, оның ішінде 6 офицер, 24 сержант. Өрт сөндіру бөлімінің балансында 9 техника, оның ішінде 3 өрт сөндіру көлігі, 1 автосатыбар.

Облыс әкімі техникалар мен жабдықтардықарап, құтқарушылар жұмысының маңыздылығын атап өтіп, жеке құраммен әңгімелесті.

«Құтқарушылардың жұмысы өте маңызды, өйткені сіздер күн сайын адамдардың қауіпсіздігі үшін өз өмірлеріңізді қатерге тігесіздер. Құтқарушы мамандығы - бұл текеңбек қана емес, бұл батылдықты, жанқиярлықты және жоғары жауапкершілікті талап ететін нағыз ерлік», - деп атап өтті әкім.