Бүгін таңертең Әйтеке би ауданы "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" республикалық маңызы бар а/ж 114 шықырымында "Тәжікстан Республикасы – РФ Челябинск қ." бағыты бойынша жолаушылар автобусы бұзыдып қалды.
ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан Т.Жүргенов ауылының жылыту пунктіне 61 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Эвакуацияланғандардың көпшілігі, Тәжікстан Республикасының азаматтары және Ресей Федерациясының 1 азаматы болып табылады. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube