Алға қаласында әкім қаңтар айының басында ашылған «Сафия» балабақшасында болды. Мектепке дейінгі мекеме жеке қаражат есебінен салынған. Ғимарат – 250 орындық. Қазір 108 бала тәрбиеленуде. Балабақшада тоғыз ойын бөлмесі, балаларға арналған жатын және жуынатын бөлмелер бар. Әр топқа жеке-жеке кіреберіс жасалған, бұл ата-аналарға өте ыңғайлы. Сондай-ақ, ас үй мен киім жуатын орын қарастырылған.
Өңір басшысы әр топтың балаларды тәрбиелеудегі шарттарымен танысып, бүлдіршіндерге жасалған жағдайды бағамдады.
«Балалардың жайлы және қауіпсіз жағдайда өсуі маңызды. Бұл негізгі басымдылық және мұндай жобалар балалар өсіп, дами алатын ортаны құруға көмектеседі, ал ата-аналар олардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне сенімді болады. Осы балабақшаны салу жобасын басқа аудандарда да пайдалануға болады деп ойлаймын», - деді әкім.