№46 бағытқа жаңа автобус-гармошкалар шығады

№46 бағытқа жаңа автобус-гармошкалар шығады


 14 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары №46 бағытта қатынайтын жаңа автобус-гармошкаларды пайдалана алады. Бұл заманауи көліктер жолаушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін сатып алынды. Qala Trans ЖШС эксплуатация бастығы Әлібек Асаманов азаматтардан қоғамдық көлікте тазалық сақтауды және автобустардың мүлкін ұқыпты ұстауды сұрады.

«Барлық жолаушылардан осы автобустарға ұқыпты қарап, орындықтардың артына сурет салмай, автобустарда түкірмей, ақпараттық жапсырмаларды жұлып алмауды сұраймыз. Бұл автобустар тұрғындарымыздың ыңғайлы және жайлы жүруі үшін сатып алынды. Азаматтарды қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қаламыздағы көлікті бірге ыңғайлы әрі заманауи етіп жасайық», - деді Ә. Асаманов.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi