Жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды


Жұбанов университетінің «Мәңгілік ел» залында өткен облыстық Ардагерлер кеңесінің кеңейтілген президиум отырысында жастар тәрбиесі мен олардың болашақтағы рөлі туралы маңызды мәселелер талқыланды.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, университет ректоры Лаура Қарабасова, ҚР Еңбек Ері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты және «Ардагерлер Ұйымы» РҚБ Орталық Кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағалары, қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің өкілдері, салалық ардагерлер ұйымдарының жетекшілері, облыстық әжелер алқасының мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және профессор-оқытушылар қатысты.

Шара барысында жастар тәрбиесі мен олардың болашаққа дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Қатысушылар жас ұрпақты рухани-адамгершілік, патриоттық және мәдени тұрғыдан тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтіп, ұлттық құндылықтарды сақтау, азаматтық жауапкершілік пен өз елінің алдындағы міндеттерді сезінетін тұлғаны қалыптастыру қажеттігін жеткізді. Ардагерлер мен қоғам белсенділері жастардың болашағы үшін маңызды бағыттар мен ұсыныстарды ортаға салды.

Сонымен қатар, жастарды қоғамның белсенді мүшелері ретінде қалыптастыру үшін білім беру мекемелерінің, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың үйлесімді жұмыс жасауы маңызды екендігі айтылды.