2025 жылы өңірде интернетпен қамту деңгейі жаңа белеске жетеді:
•Республикалық жолдардың 340 шақырымында мобильді байланыс орнату үшін 17 мұнара салынады.
•27 ауыл интернетке қосылып, жалпы қамту деңгейі 98,8%-ға жетеді.
•Жыл соңына дейін 20 ауыл мобильді интернетке қосылады, қамту деңгейі 96,3%-ды құрайды.
•Starlink арқылы 46 ауыл мектебі интернетке қосылды, бұл білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашады.