Өңір басшысы белгілі қаламгерлерді қабылдады

Өңір басшысы белгілі қаламгерлерді қабылдады


Бүгін Ақтөбеде өңір баспасөзінің қара шаңырағы «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Шара аясында «Жүз жыл жылнамасы» көрмесі, ғылыми-практикалық конференция, «Ақтөбе – 100 жыл» фотокөрмесі және салтанатты жиын ұйымдастырылады. Мерейтойға арнайылап еліміздің түкпір-түкпірінен құрметті қонақтар шақырылған. Оның ішінде Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, Қазақстанның құрметті журналисі Мейрамбек Төлепбергенов, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Ақтөбе» газеті бас редакторының бұрынғы орынбасары Серікқали Байменше, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай, халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы, «Ақтөбе» газетінің бұрынғы бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы бар. 

Өңір басшысы Асхат Шахаров шара алдында құрметті қонақтарды және «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншинді қабылдады. 

Өз сөзінде облыс әкімі талай тұлғалар басшылық жасап, қаламы қарымды қаламгерлер мен журналистер негізін салған дәстүрді абыроймен жалғастырған «Ақтөбе» газеті бүгінгінің талабына сай жаңғырып, ғасырлық туын жаңа жетістіктермен қарсы алып отырғандығына баса назар аударды.

Басқосуда қатысушылар сөз алып,«Ақтөбе» газетінің кешегісі мен бүгінгісіне тоқталды, қазақ баспасөзі туралы ой қозғады. 

Кездесу соңында өңір басшысы әр мейманға жақында жарық көрген,  29 нұсқасы толықтай үш тілде енгізілген Қобыланды батыр жырының 7 томдық жинағын және «Ақтөбе» газетіне - 100 жыл» мерейтойлық медалін табыстап, алғысын білдірді.