
Тұрғындардың мәселелерін сондай-ақ, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, қала әкімі Азамат Бекет, «Amanat» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов, қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова, басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары тыңдады.
Облыс әкімінің қабылдауына тіркелген азаматтар тұрғын үй беру, аулаларды абаттандыру, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға несие алу және басқа да мәселелерді қаузады. Мәселен, Қобда ауданының Ақсай ауылының тұрғындары фермерлік шаруашылықты электр энергиясымен қамтамасыз етуге көмек сұрап келді. Алға ауданының Бестамақ ауылының тұрғындары ауыл ортасынан өтетін жол бойында оқшаулау қалқандарын орнатуды сұрады. Ақтөбе қаласындағы тұрғын алаптардың бірінде тұратындар жолды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселесін көтерді.
Облыс әкімі барлық өтініштерді тыңдап, жауапты органдарға жедел және заң аясында мәселелердің әрқайсысы бойынша шараларды қарастыру мен қабылдауды тапсырды.