Жыл қорытындысы. Автомобиль жолдары

Жыл қорытындысы. Автомобиль жолдары

 


Ақтөбе облысы географиялық орналасуына байланысты мол транзиттік әлеуетке ие.

Жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға биыл 64,5 млрд.теңгеге 193 жобаны іске асыру көзделді.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жетті (2023 ж. - 75%).

Бүгінгі күні өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы (асфальт және негіз) төселді.
Облыс орталығы Ақтөбе қаласында 200-ден астам немесе 47 шақырым көшені нормативтік жағдайға келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халықаралық «Самара-Шымкент» автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағытында бүгінде 2 учаске бойынша барлық қажетті құжаттама әзірленді. Ақтөбе қаласының Өлке тұрғын алабынан Хромтау ауданы Ақжар ауылына дейін учаскеде 4 жолақты тас жолдың негізін салу және коммуникацияларды қайта құру жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, республикалық «Орталық-Батыс» көлік дәлізінде орналасқан «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» (401 шақырым) республикалық автожолын орташа жөндеу жалғасуда. Қазіргі уақытта, 25 шақырым пайдалануға беріліп, «Қазавтожолмен» бірлесе жұмыс жүргізілуде.

Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысымен байланыстыратын 90 шақырымдық республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының құрылысы аяқталды.