Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Ақтөбе өңірінің әлеуетімен танысты

Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Ақтөбе өңірінің әлеуетімен танысты

 


Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті.

Кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Облыс әкімі екі елдің тату көршілік қатынастары мен тығыз өзара іс-қимыл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді байланыстардың белсенді дамуына ықпал ететінін алға тартты.

Айтып өткен жөн, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қазірдің өзінде белсенді дамуда. 2024 жылдың қаңтар–қазан айларында Ақтөбе облысының Өзбекстан Республикасымен сыртқы сауда айналымы 40 млн АҚШ долларын құрады. Тауарлардың экспорты бидай, ұн, күнбағыс майы және мұнай өнімдері сияқты позицияларды қосқанда 29,3 миллион АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде импорт 10,7 млн долларды құрады, ондағы негізгі тауарлар – жеміс-көкөніс өнімдері, тұрмыстық техника, жаңғақтар, кептірілген жемістер, киім және тоқыма.

«Әрқашан орнатылған ынтымақтастықтың одан әрі дамып жатқанына  қуаныштымыз. Біз маусымнан тыс уақытта қоймаларда тұрақты көлемді қамтамасыз етуде тауарларды уақытылы жеткізуді ұйымдастыру үшін сіздердің бизнестеріңізбен жұмыс істеуге дайынбыз.

Өзбекстанның туристік әлеуеті туралы айтқым келеді. Көптеген қазақстандық Ташкент пен Самарқанды туристік бағыт ретінде қарастырады, сондай-ақ медициналық туризм аясында емделуге де барады.

Бұл тұрғыда Ақтөбе мен Ташкент арасындағы тікелей әуе қатынасы мәселесін шешу қажет. Бұған қажеттілік зор, өйткені қазір рейстер Түркістан арқылы жүзеге асырылуда», - деп атап өтті елшімен кездесу барысында өңір басшысы.

Әкім өңірдің қолайлы географиялық жағдайы мен дамыған көлік инфрақұрылымы, соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі Өзбекстанмен сауда байланыстарын кеңейтуде қосымша мүмкіндіктер туғызатынын тілге тиек етті.

Өз кезегінде Бахтиер Ибрагимов өңірлер арасындағы әуе қатынасын дамыту перспективалы бағыт екенін сөз қылды. Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі кездесу қатысушыларына өз елінің туристік әлеуетін таныстырып, мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің елдеріміздің арасында жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынастар қалыптасты. Бүгін Ақтөбеде Өзбекстанның туристік әлеуетін алғаш рет таныстырып отырмыз, бұл көшбасшыларымыздың күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. 15 жыл бұрын жағдай мүлдем басқаша еді, қазір екі ел арасында ешқандай шектеулер жоқ.

Сіз басқаратын өңірмен ынтымақтастықты дамыту өте қызықты. Біз мәдениетаралық мен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға әзірміз. Екі өңір аумақтық жақындығы өзара іс-қимыл үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады», - деді Б.Ибрагимов.

Елші Өзбекстанның Ақтөбе облысымен тоқыма өнімдерін, құрылыс және әрлеу материалдарын жеткізу бойынша ынтымақтасуға дайын екендігіне назар аударды. Өзбек делегациясы бұл мәселені ақтөбелік кәсіпкерлермен кездесуде де талқылаған.

Кездесу соңында Асхат Шахаров меймандарды Ақтөбе облысы нәтижелі өзара іс-қимылға дайын екендігіне және екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына әсер ететін зор әлеует барына сендірді.