
Өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық және төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Бірлескен отырысқа қала әкімі Азамат Бекет, құзырлы және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, 12 ауданның әкімдері бейнеконференц байланыс арқылы қосылды.
Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаулар және мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға енгізілген ұсынымдардың орындалуы, Ақтөбе қаласын абаттандыру, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері.
Отырыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті бастығының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев, Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет және Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қахарман Оразалин баяндама оқыды.
Облыс әкімі басқосу қорытындысына сәйкес лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.