Алдағы жылдары ауыл шаруашылығы саласында 95 жобаны іске асыру жоспарланған – Ақтөбе облысының әкімі

Алдағы жылдары ауыл шаруашылығы саласында 95 жобаны іске асыру жоспарланған – Ақтөбе облысының әкімі


Асхат Шахаровтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 15,5 млрд теңге қаражат қарастырылды, 11 айда 333 млрд теңгеге өнім өндірілді. Сондай-ақ, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2900-ден астам жоба мақұлданып, 15 млрд теңгеге 2 706 жоба бойынша несие берілді. Мал шаруашылығы саласында төрт түліктің өсімі орташа есеппен 110% құрады. Өсімдік шаруашылығына қатысты, биылғы жылы 403 мың гектар дәнді дақылды алқаптан 559 мың тонна өнім алынды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 130 мың тоннаға немесе 30%-ға өсті.

«Ауыл шаруашылығы саласын бұдан әрі дамыту мақсатында, алдағы жылдарда инвестиция көлемі 51 млрд теңгені құрайтын 95 жобаны іске асыру жоспарланған», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.