Ақтөбеде жазушылар форумы өтті

Ақтөбеде жазушылар форумы өтті


Шығармашылық академиясында «Қазақ жазушыларының ТМД елдері архивтеріндегі зерттеу жұмыстары» атты форум өтті. Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырды.

 Шараға Ресейден арнайы келген ғалымдар, Қазақстанның әр өңірінен келген тарихшылар, жазушылар және зерттеушілер қатысты.

Форум аясында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті. Қатысушылар «Түрік халықтарының әдет-ғұрыптары», «Парсы-тәжік және қазақ халқына ортақ әдеби желілер мен арналар», «ХХ ғасырдың басындағы Түркістандық қаламгерлердің мұралары», «Ташкент және қазақ тарихнамасы», «Қазақ-Әзірбайжан руханият сабақтастығы», «Қазақ-Әзірбайжан әдеби байланысы», «Қазақстан әдебиеті бойынша Армения архивтеріндегі зерттеулер», «Қазақтың саяси тұлғалары және қазақ ақын-жазушыларының Грузиямен әдеби-мәдени байланысы», «Қазақтың Ер Едігесі», «Отыншыдай ер қайда?», «Ілиястың Ресейдегі іздері», «Қазақия... Сиберия...», «Породненные войной и целиной», «Алаш ардақтысы», «Алаштың Ақсұңқары», «Қазақ кітабының қилы тағдыры» сияқты еңбектермен танысты.

 Форум қазақ әдебиеті мен тарихының жаңа қырларын танып-білуге арналған маңызды алаңға айналды.