«Бауырластар зираты» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Бауырластар зираты» аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді

 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.

Осыған орай, бүгін қаламыздағы Ұлы Отан соғысы кезінде Ақтөбе қаласының госпитальінде қаза тапқан жауынгерлердің «Бауырластар зираты» аумағында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына православиелік діни бірлестік өкілдері, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Сенбілік барысында шара қатысушылары зират аумағын күл-қоқыстардан, арамшөптерден, тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

«Біз бұл маңға жыл сайын 9 мамыр қарсаңында міндетті түрде келіп, сенбілік ұйымдастырамыз. Кейін Жеңіс күні өмірден өткендерді еске алып, гүл шоқтарын қоямыз. Бұл жолы қатарымызға заң институтының ұжымы, жастар мен мемлекеттік қызметшілер қосылды. Барлығына жасап жатқан қызметтері үшін алғысымды білдіремін», — деді «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының басшысы Гумер Галеев.

Айта кетейік, Ақтөбедегі «Бауырластар зиратында» соғыс жылдары жараланып, ақтөбелік ауруханаларда көз жұмған 300-ге жуық кеңес жауынгері жерлерген.