Әділет Барменқұлов: ҚФФ штаб-пәтері Ақтөбеде орналасады  

Әділет Барменқұлов: ҚФФ штаб-пәтері Ақтөбеде орналасады  


Қазақстан футбол федерациясының президенті
Әділет Бәрменқұлов Ақтөбе қаласына арнайы сапарымен келді. Ол облыс әкімінің орынбасары – «Ақтөбе» футбол клубының Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуовпен бірге аймақтың футбол активімен кездесті.  

 Басқосуға ANTEQ ұйымының мүшелері, «Ақтөбе» ФК қызметкерлері, жаттықтырушылар мен футбол ардагерлері қатысты.   Шара барысында федерация президенті Қазақстан футболының даму стратегиясын таныстырып, шаһарымызда ҚФФ-ның штаб-пәтері орналасатынын жеткізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта Ақтөбе отандық кадрларды дайындаудың озық өлкесіне айналатынын атап өтті.  

 Кездесу барысында Ғалымжан Елеуов келген қонаққа алғыс білдіріп, жергілікті менеджменттің дамуына бірлесе атсалысуға қолғабыс ететінін алға тартты.

 

 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi