Қазақстанның 7 өңірінен келген спортшылар мотокросс жарысында бақ сынасты

Қазақстанның 7 өңірінен келген спортшылар мотокросс жарысында бақ сынасты

Ақтөбеде Мотоцикл кроссынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
 
Оған еліміздің 7 өңірі – Астана, Алматы қалалары және Қостанай, Маңғыстау, ШҚО, СҚО, Ақтөбе облыстарынан 70 спортшы қатысты.
 
Спортшылар 7 мотоцикл класы бойынша бақ сынасты, оның 5-і чемпионаттың есебіне алынды. 
 
Ақтөбе облысының намысын қорғаған спортшылар Астана қаласының құрама командасына есе жіберді. Жерлестеріміздің қоржынында 2 алтын және 3 қола медаль. Жалпыкомандалық есепте ақтөбеліктер II орынды иеленді. Үшінші орында Қостанай облысының командасы тұр.
 
Мотокросс – олимпиадалық емес спорт түрі. Үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін бұл спорттың дамуына облысымызда барлық жағдай жасалған. Жүлделі орындарға ие болып, Ақтөбе өңірінің атын шығарып жүрген спортшылар да бар. Александр Байгильдин, Ян Сироткин, Юрий Новиков, Сергей Кофлер – ҚР чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған.
 
2022 жылы Ақтөбе қаласында өткен ҚР чемпионатында Ақтөбе облысы командасы жалпы командалық есепте бірінші орын алған еді.