Хромтау ауданының әкімі тағайындалды

Хромтау ауданының әкімі тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Хромтау ауданының әкімі болып Нұрхан Тілеумұратов тағайындалды.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бүгін аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Нұрхан Жасұланұлы Тілеумұратов 1991 жылы Хромтау ауданында дүниеге келген, білімі жоғары: 2013 және 2015 жылдары Халықаралық бизнес университетін, 2017 жылы Ұлыбританияның Уорвик Университетін «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2019 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады.

Еңбек жолын 2013 жылы Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының іс жүргізу жөніндегі инспекторы болып бастады.

Әр жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өңірлік директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылдың сәуір айынан бастап Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы қызметін атқарды.