Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып Досхан Әмір тағайындалды.

Досхан Әмір - Алматы энергетика және байланыс университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Алматы Менеджмент университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады.

2018 жылдан бастап Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары, Маңғыстау облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті  директордың орынбасары, Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті  директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметінде болды.