
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының жасөспірімдерімен кездесіп, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты.
Өңір басшысы мекемеге 23 компьютер, 17 велосипед сыйға тартып, жасөспірімдердің денсаулығын бақылау үшін емдеу кабинетін жабдықтап берді.

«Мейірім» орталығы 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Онда 16-29 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері тұрады. Негізі тұрғын үй ғимараты 80 адамды қабылдауға қауқарлы.
Орталықта өмір сүруге қолайлы жағдай жасаумен қатар, жастарды қазіргі қоғамға бейімдеуге, педагогикалық, психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінген.
