Әйтекеби ауданының Аралтоғай ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Әйтекеби ауданының Аралтоғай ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасы бойынша Әйтекеби ауданының Аралтоғай ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады

30 сәуірде ауыл жастары өздерінің елді мекендеріне кешен қажет екенін айтып, өңір басшысына өтініштерін жеткізген еді.

«Бізде спорттық іс-шаралар ай сайын өткізіледі, әр демалыс сайын жастармен футбол турнирлерін ұйымдастырамыз. Ауылымызда  Әйтекеби ауданының басқа ауылдарындағыдай сауықтыру кешені салынса дейміз. Облыс басшылығынан осы мәселеге көмек көрсетулерін сұраймыз», - делінген ауыл тұрғындары жазған бейнежазбада. 

Өңір басшысы тұрғындардың өтінішін назардан тыс қалдырмай, бұл мәселеге жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне қысқа мерзімде денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасын әзірлеу және оны іске асыруға кірісу туралы тапсырма берді.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов бұл құрылыс оның жеке бақылауында болатынын алға тартты.