Бүгін Ақтөбеде облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, онда биылғы жылға арналған облыс бюджеті қаралды.
Бюджетті нақтылау жобасы аясында 38,8 млрд теңге нысандар салуға, жөндеу жұмыстарына, елді мекендерде газ, су құбыры желілерін жүргізуге және басқа да маңызды мақсаттарға бағытталады. Атап өткен жөн, негізінен нақтылау жыл басындағы бос қалдықтар, кіріс бөлігі мен ішкі резервті ұлғайту есебінен жүргізілгенін атап өткен жөн.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов қаражат бірінші кезекте халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталатынын атап өтті.
«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамыту, оларды абаттандыру бойынша бірқатар міндеттер қойды. Біз алға қойған мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Бөлінген қаражаттың үштен бірінен аз бөлігі құрылыс саласын дамытуға, оның ішінде 10-нан астам мектеп, денсаулық сақтау нысандарын, спорт кешендерін, кітапханаларды салуға және қайта жаңғыртуға бағытталады.
Бұдан өзге, облыс аудандарында жолдарды жөндеу, газ, су құбырларын жүргізу және т. б. жобаларды қосымша қаржыландыру бекітілді.
Сондай-ақ, сессия барысында депутаттар мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Серікбай Рзабаевқа, медицина профессоры Нағашыбай Ақатаевқа және облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовқа «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді бекітті.