Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің келісімі бойынша ЖАЙЫҚ ИСАҰЛЫ СҰЛТАН 2023 жылғы 17 сәуірден бастап Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, білімі жоғары.
2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2014 жылы Лондондағы Брунель университетін «Болашақ» бағдарламасымен «Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірді.
Филология ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2004 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының педагогикалық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері болып бастаған.
2005-2015 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің педагогика факультетінің оқытушысы, оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері, ғылым және инновациялар бөлімінің бастығы, ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің бастығы, халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2015-2021 жылдары «Жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық қорының директоры, «Технопарк Zerek» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе филиалында оқытушы болып қызмет атқарған.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ЮНИСЕФ Қазақстандық халықаралық ұйымында Балалардың құқықтарын қорғау мониторингі және бағалау жөніндегі маманы қызметін атқарып келді.