Ақтөбе облысы спортының үздіктері анықталды

Ақтөбе облысы спортының үздіктері анықталды

Амал мерекесіне орай, Ақтөбе облысы спортының 2022 жылғы үздіктерін анықталған «Жаңа белес» салтанатты іс-шарасы өтті.

Оған Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, өңірдегі спорт мекемелерінің жетекшілері мен өкілдері, спорт ардагерлері, спортшылар және басқа да сала мамандары қатысты.

Ералы Тоғжанов шараға жиналған сала мамандарына алғысын білдіріп, барша қауымды Амал мерекесімен құттықтады.

«Салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортпен белсенді шұғылдануға тарту – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорт пен балалардың спортына баса мән беріп, дамыту керектігін айтты. Біз баршамыз осы бағытта жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!», - деп атап өтті облыс әкімі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік аудан», «Үздік ОБЖСМ», «Үздік спортшы», «Үздік нұсқаушы», т.с.с. номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.