
Ақтөбе облысында су тасқыны жағдайы тұрақты, бақылауда.
Елдімекендерде қарды шығару және еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда, оның ішінде Ақтөбеде ауа температурасының +7 градусқа дейін жылынуы мен көп мөлшерде жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басу жағдайы байқалды.
Айта кетейік, Ақтөбеде биылғы қыста 2021-2022 жылдардағы қысқы маусымға қарағанда қар екі есе көп жауды. Желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында жауған қардың мөлшері орташа айлық нормадан асып түсті. Сонымен қатар, 1-7 наурыз аралығында жауған қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын айлық норманың 80%-нан асады.
Жедел қабылданған шаралардың арқасында қала маңындағы тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді.
Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шаралар тәулік бойы күшейтілген режимде жалғасуда.
Жалпы, қыс басталғалы Ақтөбеде полигонға 210 мың текше метр қар шығарылды, сондай-ақ 7 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс орталығының көшелерінен шамамен 14 мың текше метр еріген қар су сорылды.