Ералы Тоғжанов Қарғалы ауданындағы жел электр станциясының жұмысымен танысты

Ералы Тоғжанов Қарғалы ауданындағы жел электр станциясының жұмысымен танысты

Қазақстандағы ең қуатты турбиналары бар жел электр станциясы 2022 жылы Қарғалы ауданының аумағында ашылды.

«Бадамша-2» электр станциясының жобасын итальяндық Eni компаниясы Arm Wind ЖШС жергілікті еншілес компаниясы арқылы өңірдің экономикалық әлеуетін дамыту, жасыл энергия өндірісін ұлғайту мақсатында іске асырды. Бірегей жобаның құны - 36 млрд теңге.

«Бадамша-2» электр станциясы 2021 жылдың қыркүйегінде коммерциялық пайдалануға берілді.  «Бадамша-2» ЖЭС белгіленген қуаты 48 МВт құрайды, бұл 2020 жылдың басында пайдалануға берілген «Бадамша-1» жел электр станциясының белгіленген қуатына тең.  Құрамына 23 жел электр стансасы кіреді.

«Бадамша-2» - жел турбиналары көлемі бойынша Қазақстанда орнатылған ең ірісі. Роторының диаметрі - 158 метр, ось биіктігі-101 метр, әрқайсысының номиналды қуаты-4,8 МВт.

Өндіріс сипаттамаларынан бөлек, жоба аймақ үшін оның экологиялық құрамымен маңызды. Жел турбогенераторлары жыл сайын 200 ГВт/сағ дейін электр энергиясын өндіреді, бұл шамамен 37000 үй шаруашылығының энергия тұтынуына және жылына 173000 тонна көмірқышқыл газының шығарылуын болдырмауға тең. Өнімнің негізгі тұтынушысы - «KEGOC» АҚ.

Ералы Тоғжанов ауданның бірқатар кәсіпорындарында болды. Олардың қатарында қиыршық тас өндірумен айналысатын «ТАС ПРОМ ТРЕЙД» ЖШС бар. Өндіріс айына 40 мың тонна жоғары сапалы қиыршық тас шығаруға қауқарлы. Кәсіпорында 84 адам жұмыс істейді, өндіріс жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде. Жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған, жатақхана бар.

Облыс әкіміне «Дон-Бадамша» (Ақтөбе-Орск) 45-60 шақырым, 60-75 шақырым учаскедегі автожолды қайта жаңарту бойынша ірі жол жобасын іске асыруға дайындық барысы туралы баяндалды. Сондай-ақ, мұнда салынатын асфальт зауыты жол жұмыстарының барысын жеделдетуге және жол төсемінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.