Мәртөк ауданында «Абаттандырылған ауыл» жобасын іске асыруға 242 млн теңге бағытталады

Мәртөк ауданында «Абаттандырылған ауыл» жобасын іске асыруға 242 млн теңге бағытталады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың Мәртөк ауданына жұмыс сапары барысында аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында «Абаттандырылған ауыл» өңірлік жобасы аясында ауылдарда абаттандыру жобаларын іске асыру туралы меморандумдарға қол қойылды.

Келісімдерге сәйкес, «Айс» ЖШС Саржансай ауылында 25 млн теңгеге саябақ, «ПГС-Қаратоғай-Сбыт» ЖШС жалпы сомасы 217 млн теңгеге Қаратоғай ауылында Елек өзені арқылы өтетін көпір, сондай-ақ, балалар және спорт алаңын салады.

Сондай-ақ, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Сұңқар» шаруа қожалығы тауарлық несиеге 10 бас ірі мүйізді қара мал беру туралы меморандумға қол қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Абаттандырылған ауыл» жобасы Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды дамыту туралы Жарлығын орындау мақсатында облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен жүзеге асырылды. Бұл бастаманың мақсаты – тек мемлекеттік бағдарламалар аясында ғана емес, аудандардағы ірі және орта кәсіпорындардың қатысуымен белгілі бір ауылды абаттандыру.